Оқу уақыты: 1 мин

«Семейліктердің алдында жеңіске жетуге бар күш-жігерімізді саламыз» — «Елімайдың» жартылай қорғаушысы Абылайхан Назымханов «Оқжетпеспен» болатын матч жайлы

«Семейліктердің алдында жеңіске жетуге бар күш-жігерімізді саламыз» — «Елімайдың» жартылай қорғаушысы Абылайхан Назымханов «Оқжетпеспен» болатын матч жайлы

4 мамырда семейлік «Елімай» биылғы Қазақстан премьер-лигасындағы алғашқы үй матчын өткізеді. Жетінші тур аясында Андрей Карповичтің командасы өз жанкүйерлерінің көз алдында Көкшетаулық «Оқжетпеспен» кездеспек.

Алдыңғы турда «Елімай» Талдықорғанда «Жетісуды» 3:0 есебімен сенімді жеңді. Ал «Оқжетпес» өз алаңында «Жеңіспен» тең ойнады (1:1).

Қазіргі уақытта турнирлік кестеде «Қайрат» пен «Астана» көш бастап тұр — әрқайсысында 14 ұпайдан бар. Алайда бұл екі команда бір матчқа артық ойнаған. Еншісінде 10 ұпайы бар «Елімай» үздік үштікті түйіндеді. «Оқжетпес» болса, турнирлік кестенің ортасында — алты турдың қортыныдысы бойынша екі жеңіс, екі тең ойын және екі жеңіліспен сегіз ұпай жинап, сегізінші орынды иеленіп отыр. Ал «Елімайдың» қоржынында — төрт жеңіс, бір тең ойын және бір ғана жеңіліс.

Үйдегі маңызды матч қарсаңында Sport Pulse порталымен тілдескен Абылайхан Назымханов алдағы ойынның маңыздылығына тоқталды:

— Үйдегі алғашқы ойын болғандықтан бізге артылар жауапкершілік үлкен. Сол үшін жаттығудағы әрбір қадамымызды аңдап басып ойын кезінде семейліктердің алдында жеңіске жетуге бар күш-жігерімізді саламыз!

Матч туралы негізгі ақпарат:

Күні: 4 мамыр

Басталу уақыты: 18:00 (тікелей эфир — 17:55-тен бастап)

Стадион: «Спартак», Семей

Көрсетілім: Qazsport телеарнасы

Басты сурет: «Елімай» ФК, Абылайхан Назымханов

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!