20.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Семей» Қазақстан Кубогында «Астананы» пенальти сериясында жеңді

«Семей» Қазақстан Кубогында «Астананы» пенальти сериясында жеңді

Футзалдан Қазақстан Кубогының ширек финалында «Семей» командасы матчтан кейінгі пенальти сериясында «Астана» командасын жеңді.

Негізгі уақыт 1:1 есебімен аяқталды. Алғашқы голды астаналық клуб атынан Хади Ахмади салса, жауап добын Кандидо соқты. Пенальти сериясында Семей футзалшылары дәлірек болды — 3:2.

Осы жеңістің арқасында «Семей» турнирдің жартылай финалына шыққан соңғы қатысушы атанды оған мына командалар қосылды:

  • «Ақтөбе»
  • «Аят»
  • «Қайрат»