24.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Семей» бразилиялықтың хет-тригі арқасында «Каспийді» жеңді

Футзалдан Қазақстан чемпионатының 26-шы турында «Семей» сырт алаңда «Каспийді» 5:2 есебімен тағы да жеңді.

Матчтың басты қаһарманы – Дедезиньо Андерсон, ол хет-трик жасады (1, 10, 30-шы минуттар). Ринат Турегазин дубльмен үлес қосты (4, 39-шы минуттар). Алаң иелерінен Батырхан Кенжеғали (23) мен Дуглас Риси (25) гол соқты.

Бір қызығы, осы командалар 25-ші турда кездесіп, дәл осы есеппен «Семей» жеңіске жеткен еді. Өткен маусымда семейліктер алматылық «Қайратты» (3:1) жеңіп, ел чемпионы атанған болатын.