23.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Семей» – 2024/25 жылғы маусымдағы футзалдан Қазақстан кубогының иегері

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Семейліктер финалда алматылық «Қайратты» 5:1 есебімен ойсырата жеңіп, өз тарихында алғаш рет бұл трофейді иеленді. Бұл «Семей» мен «Қайрат» арасындағы ең басым жеңістердің бірі деуге толық негіз бар. Семейліктер алғашқы минуттардан бастап ойын тізгінін өз қолына алып, бірінші таймның өзінде 3:0 есебімен алға шықты. Ал екінші таймда «Семей» есеп айырмасын ұлғайтуға жақын болды, алматылықтар керісінше, оны қысқартуға мүмкіндік таппады.

Финалдың үздік ойыншысы – Кайо Торрес. Ол 2 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді. Дедезиньо тағы бір керемет голмен көзге түсті.

Керемет матч, керемет голдар, керемет эмоциялар, керемет «Семей»! Талдықорғандағы атмосфера да жоғары деңгейде болды.

Голдар:

  • 1:0 – Кайо Торрес
  • 2:0 – Дедезиньо
  • 3:0 – Кайо Торрес
  • 4:0 – Кандидо
  • 4:1 – Денер
  • 5:1 – Дарибай

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!