31.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Семей» франциялық клубтан жеңіліп қалды

«Семей» франциялық клубтан жеңіліп қалды

«Семей» Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі екінші матчында Францияның «Этуаль» клубымен кездесіп, 3:4 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші таймда Бруно Гомес есеп ашып, кейін Дедезиньо дубль авторы атанды. Екінші таймда қазақстандықтар төрт гол жіберіп алып, 3:4 есебімен жеңіліп қалды.

Осылайша, «Семей» екі ойында үш ұпай жинады. Бұған дейін команда Чехияның «Хрудим» командасын 9:5 есебімен жеңген болатын.

Семейліктер келесі матчын 1 қарашада испаниялық «Пальмаға» қарсы өткізеді.