19.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Селтик» — «Қайрат». Алматылықтар Глазгоға жетті

«Селтик» — «Қайрат». Алматылықтар Глазгоға жетті

«Қайрат» футболшылары Глазго қаласына (Шотландия) келді, мұнда олар Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде «Селтикпен» кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қайырлы кеш, Глазго! «Қайрат» Шотландияға сәтті жетті. Кешке команда жаттығу өткізеді», — деп жазды алматылық клубтың баспасөз қызметі.

Еске салайық, «Селтик» пен «Қайрат» арасындағы алғашқы матч 21 тамызға қараған түні өтеді. Қарымта ойын Алматыда 26 тамыз күні болады. Бұл жұптың жеңімпазы Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде бақ сынайды.

Бұған дейін «Қайрат» турнир барысында Словенияның «Олимпиясын» (екі матчтың қорытындысы бойынша 3:1), Финляндияның КуПС клубын (3:2) және Словакияның «Слованын» (1:1, пенальтиде — 4:3) жеңген еді.