19.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Селтик» 7 млн еуро тұратын ойыншыны қатарына қоспақ

«Селтик» 7 млн еуро тұратын ойыншыны қатарына қоспақ

Шотландиялық «Селтик» жазғы трансфер терезесі жабылғанға дейін шабуыл шебін күшейтуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Клубтың шорт-листіне үш вингер кірді: бельгиялық Мишель-Анж Баликвиша («Антверпен», 7 миллион еуро), Келвин Стенгс («Фейеноорд», 7 миллион еуро) және Умар Траоре («Әл-Жазира», 1,2 миллион еуро). Өткен маусымда Баликвиша 18 матчта 4 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген; Стенгс 16 ойында 1 гол және 4 ассист жасады; Траоре 19 кездесуде 3 гол және 2 нәтижелі паспен көзге түсті.

Еске салайық, «Селтик» — Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде «Қайраттың» қарсыласы. Алғашқы матч 21 тамызға қараған түні Глазгода (Шотландия) өтсе, жауапты ойын 26 тамызда Алматыда ойналады.