Оқу уақыты: 1 мин

Саян Хамитжанов туризм және спорт министрінің кеңесшісі болып тағайындалды

Саян Хамитжанов туризм және спорт министрінің кеңесшісі болып тағайындалды

QR Turizm jäne sport ministrlıgı мәліметінше, Саян Жақсыгелдіұлы Хамитжанов Қазақстан Республикасының туризм және спорт министрінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды.

Жаңа кеңесшінің жауапкершілік аясына елдегі футбол мен футбол инфрақұрылымын дамыту кіреді, бұл бағыттар өткен Құрылтайда Мемлекет басшысы қойған міндеттерден кейін басымдыққа ие болды.

Саян Хамитжановтың футбол саласында мол тәжірибесі бар, ол Қазақстан футбол федерациясы мен «Астана» футбол клубында басшылық қызметтер атқарған.