25.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Сауд инвесторы WBC чемпионын Әлімханұлымен жекпе-жектен бас тартты деп айыптады

Сауд инвесторы WBC чемпионын Әлімханұлымен жекпе-жектен бас тартты деп айыптады

Vringe.com хабарлауынша, WBO/IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) мен WBC белбеуінің иегері Карлос Адаместің (24-1-1, 18 КО) арасындағы орта салмақтағы біріктіру жекпе-жегін ұйымдастыру туралы келіссөздер тығырыққа тірелді.

Сауд инвесторы Түркі Әл аш-Шейх доминикандық боксшының әрекеттеріне ашық наразылық білдірді:

«Адамес менің уақытымды босқа кетірді және титулдарды біріктіру жекпе-жегін өткізу мүмкіндігінен айырылды. Мен оған жақсы, жомарт ұсыныс жасадым, ал ол төрт-бес күн күтіп, жауап бермей, ұсақ-түйекке назар аударды»

Инвестор мәселе Адаместің мінез-құлқында екенін атап өтті — боксшы жаңа серіктес Луис де Кубасқа қиындық тудырып, Riyadh Season турнирлерінде өнер көрсету құқығынан айырылу қаупі бар.

Айта кетерлігі, бұған дейін WBC Адаместі тағы бір қазақстандық боксшы — Мейірім Нұрсұлтановқа қарсы титулын қорғауға міндеттеген болатын.