15.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Сауд Арабияның «Әл-Ахли» клубы екі жоғары деңгейлі бапкермен келіссөз жүргізуде

Сауд Арабияның «Әл-Ахли» клубы екі жоғары деңгейлі бапкермен келіссөз жүргізуде

The Athletic мәліметі бойынша, Сауд Арабияның «Әл-Ахли» клубы команданың бас бапкері қызметіне әлеуетті үміткерлермен келіссөздер бастады.

Джидда қаласының клуб басшылығы жақында «Тоттенхэмнен» кеткен Эндж Постекоглумен байланыс орнатты. Сондай-ақ, үміткерлер тізімінде «Барселонаның» бұрынғы бапкері Хави бар.

Жаңа бапкер іздеу Маттиас Яйсследің ықтимал кетуіне байланысты – неміс маманы «РБ Лейпцигті» басқаруы мүмкін. Бұл ауысу неміс клубы басым үміткер Оле Вернермен келісімге келе алмаған жағдайда жүзеге асады.