13.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Сауд Арабия Мбаппе үшін 350 миллион ұсынады

Сауд Арабия Мбаппе үшін 350 миллион ұсынады

Сауд Арабиясы «Реалдың» шабуылшысы Килиан Мбаппені сатып алуға кірісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Defensa Central басылымының хабарлауынша, саудиялық клуб 26 жастағы футболшы үшін 350 миллион еуроға трансферлік ұсыныс жасауға дайын. Бұл француз шабуылшысының әріптесі Винисиус үшін бұрын ұсынылғаннан 50 миллион еуроға артық.

Саудиялықтардың мақсаты лиганың имиджін нығайту үшін жұлдызды ойыншыны тарту екені атап өтілген. Сонымен қатар, Мбаппеге «Әл-Наср» шабуылшысы Криштиану Роналдудың келісімшартында жазылғанға сәйкес немесе өте жақын шарттар ұсынылуы мүмкін.

Алайда, «Реал Мадрид» президенті Флорентино Перес Мбаппені сатқысы келмейді, өйткені ол футболшыны алаңда да, коммерциялық деңгейде де клубтың шешуші тұлғасы деп санайды. Футболшының өзі Сауд Арабиясына көшуге мүдделі емес.

Мбаппе «Реалға» 2024 жылдың жазында ауысты. Оның испаниялық клубпен келісім шарты 2029 жылдың маусымына дейін.