13.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Сауль «Канело» Альварес командасы Бетербиевпен жекпе-жек өткізу туралы қауесеттерді жоққа шығарды

Sports.ru мәліметінше, Сауль «Канело» Альварестің өкілдері ресейлік-канадалық боксшы Артур Бетербиевпен болуы мүмкін жекпе-жек туралы қауесеттерге ресми түрде түсініктеме берді.

«Біз Бетербиевті қарсылас ретінде қарастырып отырған жоқпыз, қазіргі уақытта бұл өзекті емес», — деп мәлімдеді мексикалық боксшының командасындағы дереккөз.

Айта кетейік, Артур Бетербиев 22 ақпанда Дмитрий Биволмен жартылай ауыр салмақта әлем чемпионының абсолюттік титулы үшін біріктіру жекпе-жегін өткізеді.