11.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Сауд инвесторы Усикті қазіргі заманның үздік боксшысы деп атады

vRINGe.com мәліметі бойынша, боксқа қаржы құйып жүрген сауд инвесторы Турки Әл аш-Шейх өткен аптада Reddit-те сұрақ-жауап сессиясын өткізді. Жанкүйерлерден келген сұрақтардың бірі — қазіргі үздік 10 боксшыны атау болды. Алайда ол тек 8 боксшыны таңдады.

Тізімнің басында украиналық Александр Усик тұр. Одан кейін Теренс Кроуфорд (АҚШ) және Наоя Иноуэ (Жапония) орналасқан.

Әл аш-Шейхтің таңдауы:

  •  Александр Усик
  •  Теренс Кроуфорд
  •  Наоя Иноуэ
  •  Джервонта Дэвис
  •  Артур Бетербиев
  •  Шакур Стивенсон
  •  Канело Альварес
  •  Дмитрий Бивол