10.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Сатпаевтың «Челсиге» трансфері туралы сарапшы пікірі: «Ол мықты агенттің қолында»

Досымжан Науханов
Досымжан Науханов
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Футбол жанкүйерлері үшін сенсациялық жаңалық! Алматының «Қайраты» мен Лондонның «Челсиі» 16 жастағы қазақстандық шабуылшы Дастан Сатпаевтың трансфері туралы келісімге келді. Жас қазақстандық футболшының Еуропаның ең беделді клубтарының біріне ауысуы тарихта бұрың соңды болмаған жағдай.

Ресми ақпаратқа сәйкес, Сатпаев «Челсиге» 2026 жылдың жазында, 18 жасқа толған соң ресми түрде қосылады. Оған дейін жас дарын «Қайрат» сапында жалға алу келісімі бойынша өнер көрсетуді жалғастырады.

Футбол сарапшысы Нүркен Мырзағалиев Sport Pulse порталына Дастан Сатпаевтың трансферіне қатысты пікір білдірді.

«Мен бұл трансферден хабардармын, өйткені қазақстандық футболды жіті қадағалаймын. Бұл келісімге танымал ресейлік футбол функционері Герман Ткаченко жетекшілік етті. Ол кезінде Эльдор Шомуродов, Аббосбек Файзуллаев, Федор Смолов секілді ойыншыларды жаңа деңгейге көтерген. Сондықтан Сатпаев мықты агенттің қолында, бұл оның болашағы үшін өте маңызды», – дейді ол.

Алайда сарапшы  жас шабуылшының ағылшын премьер-лигасындағы мансабына қатысты үлкен болжам жасауға асықпады.

«Челсидегі бәсеке өте жоғары. Дастан бірден негізгі құрамнан орын алуы қиын, бірақ ол клубтың жастар жүйесі арқылы тәжірибе жинап, кейіннен Италия немесе Германия чемпионаттарына ауысуы мүмкін. Әрине, қазақстандық футболшының Еуропаның үздік бес чемпионатында ойнағанын қалаймыз. Мүмкін, дәл осы Сатпаев жаңа белесті бағындыратын ойыншы болар. Оның әлеуеті жоғары, сондықтан біз оның мансабын мұқият бақылаймыз», – деп түйіндеді Нүркен Мырзағалиев.