11.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Сатпаев түлегі Егор Коршков «Ак Барспен» қош айтысты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Сатпаев түлегі Егор Коршков «Ак Барспен» қош айтысты

Қазанның «Ак Барс» клубы шабуылшы Егор Коршковпен келісімшарттың тоқтатылғанын ресми түрде хабарлады. Тараптар келісімді өзара келісім негізінде бұзған.

Сатпаев қаласындағы «Қазхмыс» клубының тәрбиеленушісі саналатын Коршков келесі маусымды Шығыс конференциясындағы басқа командада жалғастырмақ.

Өткен маусымда 28 жастағы шабуылшы FONBET ҚХЛ аясында 60 матчқа қатысып, 23 (гол+пас) ұпай жинады. Плей-офф кезеңінде ол 5 кездесуге қатысты.

Айта кетейік, Егор Коршков кәсіби мансабын 2011 жылы «Барыстың» фарм-клубында бастаған болатын.