10.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Сарыарқа» сапына еуропалық хоккейші қосылады

«Сарыарқа» сапына еуропалық хоккейші қосылады

Беларусь шабуылшысы Данила Карабань мансабын Қазақстандық «Сарыарқа» клубында жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Головой Об Лед телеграм-арнасына сілтеме жасап.

Өткен маусымда 28 жастағы хоккейші Қазақстан чемпионатының тұрақты кезеңінде «Хумо» сапында 37 матч өткізіп, 26 (11+15) ұпай жинаған. Плей-офф кезеңіндегі 12 ойында форвард 9 (4+5) нәтижелі ұпайға қол жеткізді.