22.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Сарыарқа» бапкерлік штабты сақтап қалды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Сарыарқа» бапкерлік штабты сақтап қалды

Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері, Қарағандының «Сарыарқа» клубы 2025/2026 маусымына арналған бапкерлік құрамын ресми түрде жариялады. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Бас бапкер қызметінде Владимир Князев қалды. Оның көмекшісі болып Қарағанды футбол мектебінің түлегі Виктор Буяльский тағайындалды. Жалпы физикалық дайындық жаттықтырушысы – Дмитрий Главюк, қақпашылар бапкері – Макар Кармалин. Ал бейнеаналитик қызметін бұған дейін «Хумо» клубында жұмыс істеген Евгений Ермаков атқарады.

Еске сала кетейік, өткен маусымда «Сарыарқа» Қазақстан чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алған болатын.