04.04.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Сарыарқа» қола жүлдені ойынсыз алды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Сарыарқа» қола жүлдені ойынсыз алды

Қарағандылық «Сарыарқа» Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанды. Бұл туралы Қазақстан хоккей федерациясы хабарлады.

Ташкенттің «Хумо» клубымен үшінші орынға арналған серия өтпейтін болды. Себебі чемпионат регламентіне сәйкес, жүлделі орындар тек қазақстандық клубтар арасында бөлінеді. Ал шетелдік клубтар тек Pro Hokei Ligasy-дың жеңімпазы және ауыспалы Кубогының иегері бола алады.

Осылайша, «Сарыарқа» биылғы маусымды ресми түрде үшінші орынмен аяқтады.