Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Сарапшылар: Жәнібек Әлімханұлы үшін Карлос Адамеспен жекпе-жегі — ең тиімді нұсқа

Boxingnews24.com мәліметінше, орта салмақтағы WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы үшін келесі кезеңде WBC чемпионы Карлос Адамеспен біріктіру жекпе-жегін өткізу — ең тиімді әрі тартымды нұсқа болып саналады.

Сарапшылардың айтуынша, Адамеске деген қызығушылық оның жақында Хамза Ширазбен тең түскенінен кейін едәуір артқан. Алайда доминикандық боксшы реванш өткізуді таңдаса, бұл кездесу кешігуі немесе кейінге қалдырылуы мүмкін.

Балама қарсылас ретінде WBA чемпионы Эрисланди Лара аталып отыр. Алайда 41 жастағы кубалық солақай боксшының техникалық стилі Жәнібек үшін күрделі сынақ болмақ. Лара — тәжірибелі, икемді, қарсыласын шаршатып барып шабуылдайтын тактикалық шебер.

«Лара Жәнібек үшін оңай қарсылас болмайды. Оның солақай стилі мен Куба құрамасында өнер көрсеткен жылдары қалыптасқан ептілігі айтарлықтай қиындық туғызуы мүмкін», — делінген мақалада.

Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы жуырда Астанада өткен жекпе-жекте француз үміткері Анауэль Нгамиссенгені нокаутпен жеңіп, WBO және IBF белбеулерін сәтті қорғап шықты.