11.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Сарапшылар Рыбакина мен Стирнс арасындағы Дохадағы матчқа болжам жасады

Livesport.ru мәліметінше,  Елена Рыбакина Дохадағы WTA 1000 турнирінің екінші айналымында америкалық Пэйтон Стирнске қарсы ойнауға дайындалуда.

Қазақстандық әлемнің жетінші ракеткасы турнирге жақсы формада келіп отыр. Жақында ол Абу-Дабиде жарты-финалға дейін жетті. (Б. Бенчичтен жеңілді) Сондай-ақ Australian Open-де 1/8 финалға дейін жетіп лайықты нәтиже көрсетті.

  • Онс Жаберді жеңуі: 6:2, 4:6, 7:6
  • Кэти Волынецті жеңуі: 2:6, 6:4, 6:4
  • Мэдисон Кизден жеңілуі: 3:6, 6:1, 3:6

Әлемнің 47-ші ракеткасы Стирнс турнирді Даяна Ястремскаяны жеңіспен (7:5; 6:3) бастады. Алайда соңғы уақытта америкалық спортшы онша сенімді нәтиже көрсете алмай жүр. Ол Клуж-Напокада да Аделаидада да өзін көрсете алмады.

«Елена Рыбакина өз қарсыласынан бір бас жоғары тұр. Біз қазақстандық теннисшінің жеңісіне сенімдіміз» — деп атап өтті портал сарапшылары.