27.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Сарапшы Жәнібек Әлімханұлын әлемнің үздік боксшылары тізіміне қосты

Boxingnews24.com сайтының мәліметінше шолушы Крис Уильямс The Ring журналының pound-for-pound рейтингін сынға алып үздік боксшылар тізімінің өзіндік нұсқасын ұсынды.

The Ring-тің бастапқы рейтингіне келесі спортшылар кірген:

  • Александр Усик (23-0, 14 KO)
  • Наоя Иноуэ (29-0, 26 KO)
  • Теренс Кроуфорд (41-0, 31 KO)
  • Артур Бетербиев (21-1, 20 КО)
  • Дмитрий Бивол (24-1, 12 КО)
  • Джесси Родригес (21-0, 14 KO)
  • Сауль Альварес (62-2, 39 KO)
  • Джервонта Дэвис (30-0, 28 KO)
  • Дзюнто Накатани (29-0, 22 KO)
  • Девин Хэйни (31-0, 15 KO)

Сарапшы тізімге елеулі өзгерістер енгізуді ұсынды — Иноуэ Кроуфорд Хэйни Бивол және Бетербиевті алып тастады. Жаңартылған нұсқада (ол көптеген пікірталас тудырған) алтыншы орынға орта салмақтағы WBO/IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) қосылды.

Уильямстың балама рейтингі былай көрінеді:

  • Александр Усик (23-0, 14 KO)
  • Сауль Альварес (62-2, 39 KO)
  • Дэвид Бенавидес (30-0, 24 KO)
  • Джесси Родригес (21-0, 14 KO)
  • Джай Опетая (27-0, 21 KO)
  • Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО)
  • Джервонта Дэвис (30-0, 28 KO)
  • Райан Гарсия (24-1, 20 KO)
  • Рафаэль Эспиноса (26-0, 22 KO)
  • Джарон Эннис (33-0, 29 KO)