Оқу уақыты: 1 мин

Сандуғаш Кенжебаева Қытайда өткен турнирдің жеңімпазы атанды

Сандуғаш Кенжебаева Қытайда өткен турнирдің жеңімпазы атанды

Қазақстандық теннисші Сандуғаш Кенжебаева ресейлік София Лансереймен дуэтте Мааньшанда (Қытай) өткен ITF турнирінің жұптық сайысында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Финалда Кенжебаева мен Лэнсерай Мейки Гуо (Қытай)/Пиангтарн Плипуеч (Таиланд) жұбымен кездесіп, қарсыласты үш сетте – 6:3, 3:6, 10:8 есебімен ұтты. Матч 1 сағат 14 минутқа созылды.

Осылайша, Сандуғаш Кенжебаева биылғы маусымда төртінші титулды жеңіп алды: бұған дейін ол жұптық сайыста Анталияда (Түркия) үш турнирде жеңіске жеткен.