19.04.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Санатәлі Төлтаев Түрки Аль аш-Шейх турнирінде техникалық нокаутпен жеңіске жетті

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Санатәлі Төлтаев Түрки Аль аш-Шейх турнирінде техникалық нокаутпен жеңіске жетті

Қазақ боксшысы Санатәлі Төлтаев Эр-Рияд қаласында өтіп жатқан WBC гран-при турниріндегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті.

Төлтаев венесуэлалық Герман Брохериямен кездесіп, қарсыласын техникалық нокаутпен ұтты. Бұл Брохерияның кәсіби мансабындағы алғашқы жеңілісі болып тіркелді.

Айта кетейік, WBC гран-при турнирі – Түрки Аль аш-Шейхтің бастамасымен ұйымдастырылып жатқан беделді бокс жарыстарының бірі. Төлтаевтың бұл жеңісі — Қазақстан спортшыларының халықаралық деңгейде өз мықтылығын дәлелдей түскенінің тағы бір айғағы.