15.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Сан-Маринолық «Виртус» еурокубоктың жалпы кезеңіне жақындады

Сан-Маринолық «Виртус» еурокубоктың жалпы кезеңіне жақындады

Сан-Маринолық «Виртус» Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңінің қарымта кездесуінде молдовалық Милсамиді сенсациялық түрде жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Виртус бірінші кездесуде 2:3 есебімен жеңілгенімен, өз алаңындағы матчта ірі есеппен жеңіске жетті – 3:0. Айта кетейік, Милсами бұл кездесуде айқын фаворит саналған болатын. Виртус сапында Стефано Скаппини (58-ші минут), Иван Буонокунто (65 және 79-шы, пенальтиден) гол соқты.

Осылайша, Сан-Марино клубы Конференция лигасының плей-офф кезеңіне шығып, исландиялық «Брейдабликпен» жалпы кезеңге жолдама алу үшін таласады. Айта кетейік, Сан-Марино құрамалары бұған дейін еурокубоктардың топтық кезеңіне де, жалпы кезеңіне де қатысқан емес.