23.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Самирхон Абабакиров Универсиада-2025 турнирінде Қазақстанға алғашқы алтын әкелді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Самирхон Абабакиров Универсиада-2025 турнирінде Қазақстанға алғашқы алтын әкелді

Таеквондошы Самирхон Абабакиров Германияда өтіп жатқан Жазғы Универсиада-2025 додасында алтын медаль жеңіп алды.

Ол 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, финалда түрік спортшысы Өмер Дайоглудан басым түсті.

Бұл — Қазақстан құрамасының аталған жарыстағы алғашқы алтыны. Бұған дейін ел қоржынына алты қола медаль түскен болатын.