22.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Саматәлі Төлтаев: Қарсыласым жақсы дайындалса болды

Саматәлі Төлтаев: Қарсыласым жақсы дайындалса болды

2025 жылдың 23 ақпанында  Adal promotion компаниясының ұйымдастыруымен Ақтау қаласында өтетін кәсіпқой бокс кешінде қазақстандық былғары қолғап шебері Саматәлі Төлтаев (4-0, 1КО) Тайланд боксшысы Сарахат Таехирунге (9-3, 5КО) қарсы кезекті жекпе-жегін өткізеді.

«Top-1» лақап атымен танымал боксшы Саматәлі Төлтаев SportMinistri инстаграм паблигіне берген сұхбатында алдағы жекпе-жегі туралы өз ойымен бөлісті.

«Алдағы жекпе-жекке 100% дайынмын. Ең бастысы, қарсыласым жақсы дайындалса болды. Желтоқсан айында өткен жекпе-жектен кейін шынтағымнан жарақат алдым. Толық емдеп үлгерген жоқпыз. Оған қарамастан жекпе-жекке толықтай дайынмын. Осы айқасымнан кейін  демалыс аламын, сол сәтте жазылып үлгеремін деп ойлаймын.»