01.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Самат Смақов тағы да жазаланды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Самат Смақов тағы да жазаланды

«Жетісу» клубының бас бапкері Самат Смақовқа 18-турдағы «Елімайға» қарсы матчтан кейін төрешілерді сынағаны үшін 393 200 теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы хабарлады.

Айта кетейік, бұған дейін де Смақов төрешілердің жұмысын ашық сынға алғаны үшін төрт ойынға шеттетілген болатын.

«Елімаймен» болған кездесуден кейінгі мәлімдемесінде бапкер төрешілердің шешімдеріне наразылық білдіріп, ҚПЛ-дегі қазылар деңгейіне күмән келтірген еді.