19.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Самат Смақовтың ұлы түрік клубымен келісімшартқа отырды

«Серый CARDINAL» телеграм-арнасының хабарлауынша жас қазақстандық футболшы Аламгир Смақов — талдықорғандық «Жетісу» бас бапкері Самат Смақовтың ұлы стамбулдық «Бешикташ» клубына ауысты.

Жас спортшы қара-ақ түстілердің жастар командасымен келісімге қол қойды. Бұл ретте ол өзінің тарихи отаны Қазақстан азаматтығын сақтап қалады.

«Ол туған елінің азаматтығынан бас тартқан жоқ және бас тартуды жоспарлап та отырған жоқ, өйткені Қазақстан — оның отаны және футболшы еліміздің құрама командалары үшін өнер көрсетуді жоспарлап отыр» — деп атап өтті дереккөз.