Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Самат Смақов Аңыздар матчына қатыспайды

«Жетісу» футбол клубының бас бапкері, ұлттық құраманың бұрынғы қорғаушысы Қазақстан мен Әлем аңыздары арасында өтетін жолдастық матчқа қатыспайды, деп хабарлайды Sport12.kz.

– Алда команда үшін маңызды ойындар бар. Ал олар мені шындықты айтқаным үшін шеттетіп тастады. Мұны дұрыс деп санамаймын және жалынып, кешірім де сұрамаймын. 25 сәуір күні Аңыздар матчында ойнамаймын. Мені барлық жарнамадан алып тастасын, – деді Самат Смақов.

Аңыздар матчы 25 сәуір елордадағы «Астана Арена» стадионында өтеді. Осыған дейін Самат Смақов ойынға қатысатын футболшылар тізімінде болған еді.

Еске салсақ, кеше, 23 сәуір күні ҚФФ Смақовты төрешіге дөрекілік көрсеткені үшін төрт матчтан шеттеткен болатын.