16.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Салах АПЛ аңызымен гол саны бойынша теңесті

Салах АПЛ аңызымен гол саны бойынша теңесті

«Ливерпуль» шабуылшысы Мохамед Салах тағы бір әсерлі межеге жетті — мысырлық ойыншы ағылшын Премьер-лигасында 187-ші голын соқты, деп хабарлайды АПЛ-дің X желісіндегі парақшасы.

Бұл жетістік Салахқа АПЛ-дің үздік сұрмергендері тізімінде аңызға айналған Энди Коулмен төртінші орынды бөлісуге мүмкіндік берді.

Турнир тарихындағы үздік сұрмергендер үштігі келесідей:

  • Алан Ширер — 260 гол
  • Харри Кейн — 213 гол
  • Уэйн Руни — 208 гол