Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Сәкен Бибосынов пен Хасанбой Дусматов арасындағы жекпе-жек өтпейді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

54 келі салмақта екі дүркін Олимпиада чемпионы Хасанбой Дусматов Каратков турнирінің ширек финалында өз інісі — Фарозбек Дусматовпен жұдырықтасуы тиіс болатын. Алайда жарыс ұйымдастырушыларының мәліметінше, Хасанбой соңғы сәтте рингке шығудан бас тартқан.

Осыған байланысты жеңіс техникалық түрде Фарозбекке жазылды.

Енді жартылай финалда қазақстандық Сәкен Бибосынов пен өзбекстандық Фарозбек Дусматов жекпе-жек өткізеді.