19.04.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Сәкен Бибосынов Коротков турнирінің чемпионы атанды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Сәкен Бибосынов Коротков турнирінің чемпионы атанды

Ресейде өтіп жатқан дәстүрлі Константин Коротков атындағы халықаралық турнирде Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов алтын медаль жеңіп алды.

54 келі салмақ дәрежесінде финалға шыққан отандасымыз жергілікті боксшы Денис Пальшинді 5:0 есебімен сенімді жеңіп, турнир жеңімпазы атанды.

Бұл жеңіс Сәкеннің жоғары деңгейдегі дайындығы мен шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Қазақстан құрамасының капитаны саналатын Бибосынов үшін бұл — кезекті халықаралық жетістік.