19.04.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Сағындық Тоғамбай Коротков турнирінде күміс жүлдеге ие болды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Сағындық Тоғамбай Коротков турнирінде күміс жүлдеге ие болды

Қазақстандық былғары қолғап шебері Сағындық Тоғамбай Ресейдің Хабаровск қаласында өткен Константин Коротков атындағы халықаралық турнирде күміс медаль жеңіп алды.

92 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға дейін жеткен отандасымыз шешуші жекпе-жекте ресейлік Сергей Слободяннан 0:5 есебімен жеңіліп қалды. Бұған дейінгі кезеңдерде Тоғамбай жоғары деңгейде өнер көрсетіп, қарсыластарынан басым түскен еді.

Сағындық Тоғамбайдың бұл нәтижесі – ұлттық құраманың маусым басындағы маңызды жетістіктерінің бірі.