10.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Сағындық Тоғамбай ширек финалда өзбек боксшысына жол берді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Сағындық Тоғамбай ширек финалда өзбек боксшысына жол берді

Ливерпульде (Англия) өтіп жатқан World Boxing әлем чемпионатында 90 кг салмақта сынға түскен отандасымыз Сағындық Тоғамбай ширек финалда Өзбекстан боксшысы Турабек Хабибуллаевтан жеңіліп қалды. Жекпе-жек тартысты өтті, алайда шешуші сәтте төрешілер жеңісті қарсыласқа берді.

Осы нәтижемен Тоғамбай турнирдегі жорығын тоқтатты, ал Хабибуллаев жартылай финалға жолдама алды.