08.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Сағындық Тоғамбай әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Сағындық Тоғамбай әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Қазақстандық былғары қолғап шебері Сағындық Тоғамбай Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

World Boxing Әлем чемпионатының 1/8 финалында (90 кг) ирландиялық Джек Марлимен кездескен Сағындық Тоғамбай төрешілер шешімімен жеңіске жетіп, 1/4 финалға жолдама алды.

Енді ол келесі жекпе-жегін 10 қыркүйек күні күндізгі сессияда өткізеді.