13.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Сағи Совет ҚПЛ-дың келесі матчына қатыспайды

Сағи Совет ҚПЛ-дың келесі матчына қатыспайды

«Жеңістің» 25 жастағы қорғаушысы Сағи Совет алдағы ҚПЛ 12-туры аясында «Тұранға» қарсы ойынға шықпайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

11-турдағы «Ордабасымен» (2:2) кездесуде Сағи Совет екі ескерту үшін алаңнан қуылды.

Сағи Совет биылғы чемпионатта барлығы 9 кездесу өткізіп, бір нәтижелі пас берді.