12.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Сағатбек Мусаханов: «Али Ахмедов Головкиннің командасына барып жақсы нәтиже көрсеткен жоқ»

Сағатбек Мусаханов: «Али Ахмедов Головкиннің командасына барып жақсы нәтиже көрсеткен жоқ»

Геннадий Головкиннің командасында өнер көрсеткен жалғыз қазақстандық боксшы Али Ахмедовтың бапкері Сағатбек Мусаханов Алидің Головкиннің командасына ауысқаны жайында пікір білдірді.

Али Геннадий Головкиннің командасына мықты болып барды. Ол кезде жаттығу жағынан Алиге еш көмектесе алмадым. Қасында Головкиннің бапкерлері болды, солар өздері дайындады. Генаның Алиге не үшін қызыққанын білмеймін, мүмкін көмектескісі келген шығар. Бірақ ол Головкиннің командасына ауысқаннан кейін нәтиже жоғары деңгейде болған жоқ, — деді Мусаханов.

Сұхбаттың толық нұсқасы Pulse Fighting YouTube арнасынан тамашалай аласыздар.