08.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Сәтпаев мемлекеттік сыйлыққа ие болды

Сәтпаев мемлекеттік сыйлыққа ие болды

Алматының «Қайрат» клубының жас футболшысы Дастан Сәтпаев беделді «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері атанды. Аталған марапат еліміздің талантты жастарына ғылыми, шығармашылық, қоғамдық және спорттық жетістіктері үшін табысталады.

Биылғы маусымда 17 жастағы жартылай қорғаушы тамаша ойын көрсетіп, 40 матчта 18 гол соғып, 8 нәтижелі пас берді. Бұл көрсеткіш оны клубтың негізгі ойыншыларының біріне айналдырды.

«Бұл сыйлық мен үшін үлкен мотивация. Алдағы уақытта да елімнің атын абыроймен шығару үшін еңбек етемін», — деді Дастан Сәтпаев марапаттан кейін.