20.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Сәкен Бибосыновтың келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Сәкен Бибосыновтың келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Токио олимпиадысының жүлдегері Сәкен Бибосыновтың кәсіпқой бокстағы кезекті жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Sport Pulse тілшісі.

Жапониялық Saikou Lush Boxing Promotions компаниясы 26 қазанда Қырғызстан астанасындағы «Бішкек Аренада» кезекті бокс кешін өткізеді. Аталмыш бокс кешінде Бибосынов та шаршы алаңға көтеріледі. Сонымен қатар, Париж олимпиадасының чемпионы Хасанбой Дусматов та осы бокс кешінде жұдырықтасады.

Айта кетейік, Сәкен өзінің кәсіби бокстағы алғашқы айқасын дәл осы Saikou Lush Boxing Promotions-ның Бішкекте ұйымдастырған турнирінде өткізіп, жеңіске жеткен болатын.