21.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Сәкен Бибосынов Қазақстан чемпионатының финалына шықты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Сәкен Бибосынов Қазақстан чемпионатының финалына шықты

Семей қаласында өтіп жатқан бокстан Қазақстан чемпионатында жартылай финалдық жекпе-жектер жалғасуда.

55 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жатқан Сәкен Бибосынов жартылай финалда ел чемпионы Тимур Қабдешовпен кездесуі тиіс еді. Алайда Қабдешов қабағының жарақатына байланысты рингке шықпайтын болды.

Осылайша, Бибосынов финалға автоматты түрде жолдама алды. Енді ол шешуші жекпе-жекте осы салмақтың басты фавориттерінің бірі Нұрсұлтан Алтынбекпен жұдырықтасады.