Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Садриддин Ахмедовтың жекпе-жегі тең нәтижемен аяқталды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Садриддин Ахмедов (16-0-1, 13 KO) АҚШ-тың Калифорния штатындағы Коммерс қаласында өткен бокс кешінде шаршы алаңға шықты. Ол мексикалық Элиас Эспадаспен (23-7-1, 16 KO) басты жекпе-жекте кездесіп, он раундқа созылған тартысты айқас тең нәтижемен аяқталды.

Бұл — Ахмедовтың кәсіби мансабындағы алғашқы тең нәтижесі. 2025 жылғы алғашқы жекпе-жегінде жеңіссіз қалғанымен, Садриддин жеңілмеген боксшылар қатарындағы орнын сақтап қалды.

Айта кетейік, 2024 жылы қазақстандық боксшы екі кездесу өткізіп, екеуін де уақытынан бұрын аяқтаған болатын.