24.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Садриддин Ахмедов Канелоға қарсы жекпе-жек туралы ойын бөлісті

Садриддин Ахмедов Канелоға қарсы жекпе-жек туралы ойын бөлісті

Қазақстандық былғары қолғап шебері Садриддин Ахмедов Сауль «Канело» Альвареспен өтетін ықтимал жекпе-жек жайлы ойын бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport+ телеарнасына сілтеме жасап.

«Жауапты жекпе-жектер болса, бір минутты да босқа өткізбей, дайындыққа толықтай кірісемін. Мысалы, Канеломен жекпе-жек — бұл әлі күнге дейін көкейімде жүрген арманым. Егер ол жекпе-жек тағдыр жазуымен бола қалса, бұл менің үлкен арманымның орындалғаны болар еді. Рингте қандай жағдай болса да — құлағын жұлып, мойнын тістеп алсам да — мен Қазақ елінің абыройы үшін барымды саламын. Егер бұл кездесу расымен өтетін болса, мен тек жеңіс үшін жұдырықтасамын», — деді ол.