09.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Сабыржан Аққалықов: «Спорт – бүгін чемпионсың, ертең жай қатысушы»

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Сабыржан Аққалықов: «Спорт – бүгін чемпионсың, ертең жай қатысушы»

Ливерпулде (Англия) өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында 75 кг салмақта 1/8 финалда украиналық Павло Илюшаға бөлінген шешіммен (SD) жол берген қазақстандық боксшы Сабыржан Аққалықов турнирді аяқтады.

Жекпе-жектен кейін ол Instagram-парақшасында мәлімдеме жасап, сын айтқандарға уәжін білдірді: дайындықтың ауырлығын, айлап туған-туысты көрмейтінін, жаттығуда төгілетін «қан мен терді» атап өтті. «Жеңсең — жақсы, жеңілсең — бірден жамансың деген көзқарас дұрыс емес. Спорт — болжалсыз: бүгін чемпионсың, ертең жай қатысушы. Сын айтатындар әуелі өз ауыздарына ие болғаны жөн», — деп жазды боксшы.

Айта кетейік, Сабыржан Аққалықов — 2021 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы. Кәсіпқой рингте оның көрсеткіші — 2–0, 2 КО.