21.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Сабыржан Аққалықов Қазақстан чемпионатының финалына шықты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Сабыржан Аққалықов Қазақстан чемпионатының финалына шықты

Семей қаласында өтіп жатқан бокстан Қазақстан чемпионатында жартылай финалдық жекпе-жектер жалғасуда.

75 келі салмақ дәрежесіндегі басты фаворит Сабыржан Аққалықов 1/2 финалда Өзбекстаннан қоныс аударған Аман Қонысбековпен кездесіп, сенімді жеңіске жетті.

Екінші нөмірде сәтті қимылдаған Сабыржан үш раунд бойы басымдықты уысында ұстап, төрешілердің бірауызды шешімімен — 5:0 есебімен қарсыласынан басым түсті.

Айта кетейік, Сабыржан Аққалықов осыдан бірнеше ай бұрын Ливерпуль қаласында өткен әлем чемпионатында күтпеген жерден бірінші айналымда жарыстан шығып қалған еді.