07.01.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Сабыржан Аққалықов қайтадан Қарағанды атынан жұдырықтасады

Бокстан 71 келіге дейін салмақта ұлттық құрама мүшесі Сабыржан Аққалықов қайтадан туған жері Қарағанды атынан жұдырықтасатын болды, — деп хабарлайды спорт жайлы телеграм арнасы. Бұл ақпаратты боксшының өзі растады.

Сабыржан 2021 жылы Польшада өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында топ жарған боксшы.

Бұған дейін ересектер арасында Батыс Қазақстан облысының атынан қатысып жүрді. Қарағандыда өткен соңғы Қазақстан чемпионатында да БҚО-ның намысын қорғады.

Енді міне, Қарағанды облысы бокс федерациясының басшылары келіссөз жүргізіп, талантты боксшыны туған жеріне шақырған. Алдағы жарыстарда ол өз туған жерінің намысын қорғайды.

Сабыржан жуырда ғана Қарағандыдағы ел чемпионатында алғаш рет топ жарды.