04.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Сабина Алтынбекова «Қайрат» қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қолдау көрсетті

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Сабина Алтынбекова «Қайрат» қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қолдау көрсетті

Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова Чемпиондар лигасында мадридтік «Реалға» қарсы өткен ойында дебют жасаған 18 жастағы «Қайрат» қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қолдау білдірді, деп хабарлайды KazFootball.kz.

Бұған дейін спорт функционері Алтай Даумов жас қақпашының ойынына күмәнмен қарап, оны «негізгі қақпашылар жарақат алғандықтан ғана алаңға шыққан мәжбүрлі таңдау» деп бағалаған болатын және «ерекше ештеңе көрсеткен жоқ» деген пікір білдірген.

Алайда Сабина Алтынбекова мұндай пікірлерге мән бермеуге шақырды:

«Осындай қолдаудың орнына пікір айтатындар көп болады. Назар аударма. Ештеңе жайдан-жай болмайды. Бұл — Жаратқанның жазғаны. Тек алға, Шерхан. Еңбек, мінез және зейін!», — деп жазды ол.

Жас қақпашының Чемпиондар лигасындағы алғашқы ойыны қоғамда қызу талқылауға түсті. Бұл жағдай спорттағы жас буынға деген көзқарас пен қолдау мәселесін тағы бір мәрте күн тәртібіне шығарды.