24.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Сабина Алтынбекова Индонезиядан қазақстандық БАҚ-ты сынға алды

«Yogya Falcons» клубында ойнайтын қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова өз елінің БАҚ-тары мен жанкүйерлеріне қатысты пікір білдірді.

«Мен байқағаным – басқа елдердің БАҚ-тары тек жақсы нәрсені жазады, оң сәттерді байқайды. Ал қазақстандық БАҚ-тар мен тек олар ғана емес, көбіне жағымсыз жазады. Пікірлерді оқып жау керек емес, сіздер өздеріңізді құртасыздар. Дәл осы себепті барлық талантты жастар шетелге кетеді, өйткені қолдау да, құрмет те жоқ», – деді спортшы.

Алтынбекова сонымен қатар Индонезияға алғысын білдірді: «Бөтен ел, бөтен адамдар, бірақ өз елімізден гөрі көбірек қолдайды. Рахмет, Индонезия, мен сіздерді жақсы көремін».

Айта кетейік, волейболшы өткен жылдың қазан айында «Yogya Falcons»-пен келісімшартқа отырып, бірнеше айдан кейін команда капитаны атанды.