04.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Рыбакина Уимблдон-2025 турнирінде титул үшін күресуге ниетті екенін мәлімдеді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Рыбакина Уимблдон-2025 турнирінде титул үшін күресуге ниетті екенін мәлімдеді

2022 жылғы Уимблдон чемпионы Елена Рыбакина өз күшіне сенімді екенін білдіріп, биылғы беделді турнирде жеңіске жетуді мақсат етіп отырғанын айтты.

— Уимблдон — сен үшін «Үлкен дулыға» турнирлері ішіндегі ең сәтті жарыс. Өткен жылы жартылай финалға шықтың, ал одан бұрын чемпион атандың. Бұл кортқа оралу сені ерекше ынталандыратын сияқты?

— Әрине. Бұл жерге қайта оралу мен үшін өте маңызды. Тамаша естеліктер көп. Биыл да жақсы нәтиже көрсеткім келеді. Қолымнан келгенін жасап жатырмын. Келесі айналымға өткеніме қуаныштымын. Тағы да барша жанкүйерге алғыс білдіремін, – деді Рыбакина корттағы сұхбат барысында. Оның сөзін The Tennis Letter келтірді.

Еске салайық, Қазақстан теннисшісі екінші айналымда грекиялық Мария Саккариді 6:3, 6:1 есебімен сенімді жеңіп, үшінші кезеңге шықты. Ендігі қарсыласы — турнирдің 23-нөмірлі ракеткасы, даниялық Клара Таусон.