23.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Рыбакина Токиодағы турнирде Фернандесті сенімді жеңді

Рыбакина Токиодағы турнирде Фернандесті сенімді жеңді

Әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина Токиодағы WTA 500 турнирінде сенімді жеңіске жетті.

1/8 финалдық кездесуде қазақстандық теннисші — рейтингте 22-орында тұрған Канада өкілі Лейла Фернандеспен кездесті. Рыбакина корттағы басымдылықты көрсетіп, 1 сағат 28 минутта 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Бұл жеңістің ерекше маңызы бар — енді Рыбакинаға қараша басында Эр-Риядта өтетін WTA финалдық турниріне қатысу үшін бір жеңіс жеткілікті.

Екі спортшы да жарысқа жоғары дайындықпен келгені айта кетерлік — өткен аптада Рыбакина Нинбо турнирінің чемпионы атанса, Фернандес Осакада жеңіске жетті.

Токио турнирінің жүлде қоры 1 064 510 долларды құрайды — жеңімпаз 164 000 доллар мен 500 рейтингтік ұпай алады.