Оқу уақыты: 1 мин

Рыбакина Страсбургтегі турнирдің ширек финалында Линеттпен кездеседі

Рыбакина Страсбургтегі турнирдің ширек финалында Линеттпен кездеседі

WTA рейтингінде 12-орында тұрған Елена Рыбакина Страсбургтегі турнирдің ширек финалында поляк теннисшісі Магда Линеттпен (33-орын) кездеседі — ойын Астана уақытымен сағат 14:00-де басталады.

Ширек финалға дейінгі жолда қазақстандық спортшы қытайлық Ван Синьюйді (42-орын) 6:1, 6:3 есебімен сенімді жеңді. Поляк теннисшісі турнирде екі кездесу өткізді:

  • Чехиялық Барбора Крейчикованы (15-орын) жеңді — 6:3, 6:3
  • Словакиялық спортшы Ребекка Шрамкованы (41-орын) ұтты — 6:4, 6:3

Теннисшілер арасындағы жеке кездесулерде басымдылық Рыбакина жағында — ол алдыңғы екі матчта да жеңіске жетті. Букмекерлер де қазақстандық спортшыны алдағы кездесудің басты фавориті деп санайды.